17.03.2025

«Барыс» Ресейде «Сибирьден» жеңіліп қалды

«Барыс» Ресейде «Сибирьден» жеңіліп қалды

Фото: «Барыс» хоккей командасы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 17 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізді.

«Сибирь» командасының плей-офф сатысына шығуына әлі де мүмкіндігі бар. Сондықтан олар әрбір кездесуде жеңіске жетуге күш салып келеді.

Кездесу басынан ресейлік клуб басымдығын байқатты. Десе алғашқы голды қазақстандық команда соқты. Ойынның 5-минутында Дінмұхамед Қайыржан есеп ашты. Одан кейін ресейлік клубтан Энди Андреофф 14, Павел Гоголев 15, Никита Коротков 17-минутта мергендік танытты.

Ал 38-минутта «Барыс» санынан Бейбарыс Оразов есеп айырмасын қысқартты.

Осыдан кейін қазақстандық клубтың белсенділігі байқалып тұрды. Қарсылас команда қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. 

Кездесуде елордалық клуб қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» бұдан кейін ҚХЛ-дың тұрақты кезеңінде екі ойынын Астанада өткізеді.

Алдымен елордада 20 наурызда Ресейдің «Ак барс» (Қазан) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 22 наурызда «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен кездеседі.

Қазақстан клубы ресейлік шабуылшыны қатарға қосты

Футбол

Қазақстан клубы ресейлік шабуылшыны қатарға қосты

Bulgarian Open: Жүзушілеріміз халықаралық турнирде жүлде жеңіп алды

Басқа

Bulgarian Open: Жүзушілеріміз халықаралық турнирде жүлде жеңіп алды

Ел чемпионатының ойындарына кімдер қазылық жасайды?

Футбол

Ел чемпионатының ойындарына кімдер қазылық жасайды?

Қайрат Сағадиев: Жоспарды 80%-ға орындадық

Күрес

Қайрат Сағадиев: Жоспарды 80%-ға орындадық

Софья Самоделкина: Әлем чемпионаты ойымдағыдай болмады

Басқа 24 минут бұрын

Софья Самоделкина: Әлем чемпионаты ойымдағыдай болмады

Карло Анчелотти «Реал» клубында қала бере ме?

Футбол 47 минут бұрын

Карло Анчелотти «Реал» клубында қала бере ме?