07.04.2025

«Арлан» Қазақстан чемпионаты финалдық кезеңін сәтті бастады

«Арлан» Қазақстан чемпионаты финалдық кезеңін сәтті бастады

Фото: «Арлан» хоккей клубы

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-офф сатысының финалдық кезеңі басталды.

Жарыстың аталған сатысында көкшетаулық «Арлан» мен

өскемендік «Торпедо» командалары бақ сынайды.

Алғашқы матчта көкшетаулық команда ойын тізгінін өз қолында ұстады. Нәтижесінде алғашқы екі кезеңде қарсылас қақпасына жауапсыз алты гол соғып үлгерді. Шешуші үшінші кезеңде тағы үш гол енгізіп, өз қақпасына екі шайба жіберіп алды.  

Осылайша «Арлан» алғашқы матчта қарсыласынан 9:2 есебімен басым түсіп, бас жүлдеге қол созуға жақындай түсті. 

Енді алдағы ойын 9 сәуірде Өскеменде өткізіледі. 

Одан кейінгі ойындар 13 және 15 сәуір күндеріне жоспарланған. Жеңімпаз бір команданың төрт жеңісінен кейін анықталады. 

Аустралия 11-ші болып Әлем чемпионатына жолдама алды

Футбол

Аустралия 11-ші болып Әлем чемпионатына жолдама алды

Флориан Вирц «Ливерпуль» ойыншысы атанады

Футбол

Флориан Вирц «Ливерпуль» ойыншысы атанады

Өзбекстан футболшыларына президент көлік мінгізді

Футбол 6 сағат бұрын

Өзбекстан футболшыларына президент көлік мінгізді

Нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан қоржынына бірінші медаль түсті

Басқа 9 сағат бұрын

Нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан қоржынына бірінші медаль түсті

Өзбекстан футбол құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады

Футбол 9 сағат бұрын

Өзбекстан футбол құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады

Ақтөбеде халықаралық шахмат фестивалі өтеді

Басқа 10 сағат бұрын

Ақтөбеде халықаралық шахмат фестивалі өтеді