27.06.2025

Абиба Әбужақынова мансабындағы ең қиын белдесуін атады

Абиба Әбужақынова мансабындағы ең қиын белдесуін атады

Olympic.kz

Дзюдодан 13-20 маусым аралығында Мажарстанда өткен әлем чемпионатында қазақ әйелдерінің арасынан тұңғыш рет финалға шығып, күміс жүлдеге ие болған Абиба Әбужақынова алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz

  • 1 шілде күні Алматыда кезекті оқу-жаттығу жиыны басталады. Демалатын уақыт жоқ. Кезекті жарысымызға дайындығымызды жалғастырамыз. Келесі нақты қандай турнирге қатысатынымыз жайлы нақты мәлімет жоқ. Оны бапкерлер штабы шешеді.

Сондай-ақ, спортшы өзінің спорттық мансабында 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионаты өте қиын болғанын айтты.

  • 2022 жылы жаһандық додада қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алдым. Бапкерлерім мені ерекше дайындап, бұл сенің жалғыз мүмкіндігің болуы ғажап емес. Қазір жүлде алмасаң, бұдан кейінгі әлем чемпионатында осындай сәт туындамауы да мүмкін деді. Сондықтан Чили спортшысымен 14 минут бойы күресіп, әрең дегенде жеңіске жеттім. Сол сәттегі жаттықтырушыларымның сөзі өтіп кетсе керек. Ауырсам да, шаршасам да, соңына дейін берілмедім. Бұл менің әлем чемпионатындағы алғашқы қола медалім болатын", - деді Абиба Әбужақынова.

Айта кетейік, Абиба Әбужақынова 2022 жылдан бері тұрақты әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, 2022, 2024 жылдары қола жүлде иеленсе, 2025 жылы күміс медаль иегері атанды.

Әлемнің 17-ракеткасы Almaty Open турнирінде ойнайды

Теннис 12 минут бұрын

Әлемнің 17-ракеткасы Almaty Open турнирінде ойнайды

Америкалық Шон Брэди Шавкат Рахмоновпен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

ММА/UFC 51 минут бұрын

Америкалық Шон Брэди Шавкат Рахмоновпен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

РЕСМИ: Луис Диас «Бавария» ойыншысы атанды!

Футбол 1 сағат бұрын

РЕСМИ: Луис Диас «Бавария» ойыншысы атанды!

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Лазизбек Муллажонов допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті

Бокс 1 сағат бұрын

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Лазизбек Муллажонов допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті

Күтпеген жерден Дженнифер Лопестің концерті “Қайратқа” пайда әкеліп тұр

Футбол 2 сағат бұрын

Күтпеген жерден Дженнифер Лопестің концерті “Қайратқа” пайда әкеліп тұр

АФК «Қайрат» жаңа бас бапкерімен келіссөздерді аяқтауға жақын

Футзал 2 сағат бұрын

АФК «Қайрат» жаңа бас бапкерімен келіссөздерді аяқтауға жақын