27.10.2023

Камила Берліқаш дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды

Камила Берліқаш дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Абу Дабиде өтіп жатқан Grand Slam жарысының күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Финалдық белдесуде ол португалиялық Рушель Нуньеспен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.

Камила Берліқаш жарыс кезінде 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде барлығы 4 кездесу өткізді. Іріктеу кезеңінде Ивана Сутало (Хорватия), Джованна Сантосты (Бразилия) айқын басымдықпен ұтып, өз тобынан үздік шықты. Ал жартылай финалда Ерика Симонеттиден (Италия) басым түскен болатын. 

Айта кетерлігі, Камила Берліқаш Қазақстан дзюдо тарихында дзюдодан әйелдер арасында Grand Slam жарысының финалына шыққан тұңғыш қазақстандық дзюдошы атанды. (Осыған дейін Grand Slam кезеңінің финалынында Қазақстан құрамасынан тек Галбадрах Отгонцэцэг (2016) күрескен)

Абу Дабиде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысында барлығы 77 елден 440 спортшы бақ сынауда.

«Ордабасының» Чемпиондар лигасындағы барлық ықтимал қарсыластары анықталды

Футбол 20 сағат бұрын

«Ордабасының» Чемпиондар лигасындағы барлық ықтимал қарсыластары анықталды

Айкөркем Батихан дәстүрлі садақ атудан Түркиядағы турнирде топ жарды

Басқа 22 сағат бұрын

Айкөркем Батихан дәстүрлі садақ атудан Түркиядағы турнирде топ жарды

Магомед Адиев қызметінен кетті

Футбол 1 күн бұрын

Магомед Адиев қызметінен кетті

Головкиннің қолғабы мен Рыбакинаның тенис добы аукционға қойылады

Басқа 1 күн бұрын

Головкиннің қолғабы мен Рыбакинаның тенис добы аукционға қойылады

Бас бапкер Пауло Рикардо Кака – Еуро-2026 іріктеу туралы өз ойын айты

Футзал 2 күн бұрын

Бас бапкер Пауло Рикардо Кака – Еуро-2026 іріктеу туралы өз ойын айты

Антикор қазақ спортындағы былықтың артын ашуды қолға алды

Басқа 2 күн бұрын

Антикор қазақ спортындағы былықтың артын ашуды қолға алды