31.10.2024

Мариус Визер Қазақстан Президентіне алғыс айтты

Мариус Визер Қазақстан Президентіне алғыс айтты

ҚР Спорт комитеті

Мариус Визер Қазақстанда дзюдоны дамытуға қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Қазақстанға келу – мен үшін үлкен мәртебе. Сізге және еліңізге дзюдоға ғана емес, әлеуметтік интеграцияның және бейбітшіліктің бірден-бір тетігі саналатын спорттық қозғалысқа қолдау көрсеткеніңізге ризашылығымды білдіремін. Дзюдо қауымдастығының барлық мүшесі ортақ мақсатқа жұмылады. Бұл – қоғамда лайықты орны бар азамат тәрбиелеу, – деді Мариус Визер.

Ол Астанада Халықаралық дзюдо федерациясының ұйытқы болуымен IJF академиясын ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл аймақтағы жоғары санатты жаттықтырушылар мен төрешілерді даярлайтын орталықтардың бірі болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мариус Визер Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясымен ұзақмерзімді ынтымақтастығының перспективасы жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек, 2027 жылы елімізде өтетін дзюдодан Әлем чемпионатына дайындық мәселелерін пысықтады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанда дзюдоны ілгерілетуге қосқан үлесі үшін Мариус Визерді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Қайрат Нұрдәулетов «Оқжетпеспен» екінші рет қатарынан жеңіске жеті

Футбол 8 сағат бұрын

Қайрат Нұрдәулетов «Оқжетпеспен» екінші рет қатарынан жеңіске жеті

Универсиададағы алғашқы жүлде: Айбота Ертайқызы қола жүлде алды

Басқа 9 сағат бұрын

Универсиададағы алғашқы жүлде: Айбота Ертайқызы қола жүлде алды

Александр Бублик Швейцариядағы ATP250 турнирінің финалына шықты

Теннис 10 сағат бұрын

Александр Бублик Швейцариядағы ATP250 турнирінің финалына шықты

Соңғы минуттағы камбэк: «Жеңіс» сырт алаңда сенсация авторы атанды

Футбол 10 сағат бұрын

Соңғы минуттағы камбэк: «Жеңіс» сырт алаңда сенсация авторы атанды

«Қайсар» биылғы маусымда ел чемпиондарынан жеңілмеді

Футбол 10 сағат бұрын

«Қайсар» биылғы маусымда ел чемпиондарынан жеңілмеді

Триатлоннан Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медаль алды

Басқа 14 сағат бұрын

Триатлоннан Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медаль алды