5 күн бұрын
«Жетісу» қатарына қазақстандық волейболшыны қосты

Фото: «Жетісу» ВК
Кристина Белова «Жетісу» волейбол клубына ауысты.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Кристина — Павлодар волейбол мектебінің түлегі. Мансабында «Ертіс», «Алтай», «Динамо-Метар» (Ресей), «Фатум Ньиредьхаза» (Венгрия), «Корона Брашов» (Румыния) және «Берел» сынды командалардың намысын қорғаған.
Өткен маусымды өскемендік «Берел» сапында өткізген Белова чемпионаттың күміс жүлдегері атанып, біріншіліктің үздіктер құрамына енді.
Айта кетейік, талдықорғандық ұжым 20-27 сәуір аралығында Филиппинде алғаш рет ұйымдастырылатын Азия Чемпиондар лигасына дайындық үстінде.
