6 күн бұрын
Қазақстандық биатлоншылар көш соңында қалды

Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстандық биатлоншылар Норвегияның Холменколлен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде сәтсіздікке ұшырады.
Спринт бәсекесінде сынға түскен отандастарымыздың нәтижесі көңіл көншітерлік емес. Құрама сапындағы үздік нәтижені Владислав Киреев (48 орын) көрсетті. Одан бөлек Вадим Куралес 99 орынға тұрақтаса, Кирилл Бауэр 100 орынға табан тіреді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі үш орынды норвегиялық биатлоншылар иеленді. Бес дүркін Олимпиада чемпионы, норвегиялық биатлоншы Йоханнес Бё чемпион атанса, мәре сызығын екінші болып Стурла Легрейд кесті. Ал үздік үштікті Йоханнес Дале-Шевдал түйіндеді.
Айта кетейік, бүгін жалауын желбіреткен байрақты бәсеке 23 наурызға дейін жалғасады.
