27.03.2025

Енді бюджеттен легионерлерге қаражат төленбейді

Енді бюджеттен легионерлерге қаражат төленбейді

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

ҚР Туризм және спорт министрлігі әзірлеген «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң жобасы 2025 жылғы 29 қаңтарда Мәжілістің екінші оқылымында мақұлданып, Сенаттың қарауына енгізілді. Заң жобасында спорт саласына бірқатар өзгерістер енгізу көзделген. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады.

«Атап айтқанда, кәсіби ойын спорты клубтарын ұстауға бөлінетін бюджет қаражатына лимит бекіту; ҚР азаматтығын алмаған спортшыларды бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу; «спорттың басым түрлері» ұғымын анықтау, сондай-ақ олардың өңірлік тізбесін бекіту; аккредиттелген спорт федерациясына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін шаралар қабылдауды міндеттеу; спорт федерацияларын аккредиттеу талаптарын белгілеу қарастырылған», - деді вице-министр ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, Заң жобасында «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымын енгізу, мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшыларын ротациялау көзделген. Сондай-ақ, заңнама жобасына сәйкес 49 заңға тәуелді актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, 10-нан астам жаңа заңға тәуелді акті дайындалды.

Аустралия 11-ші болып Әлем чемпионатына жолдама алды

Футбол

Аустралия 11-ші болып Әлем чемпионатына жолдама алды

Флориан Вирц «Ливерпуль» ойыншысы атанады

Футбол

Флориан Вирц «Ливерпуль» ойыншысы атанады

Өзбекстан футболшыларына президент көлік мінгізді

Футбол 4 сағат бұрын

Өзбекстан футболшыларына президент көлік мінгізді

Нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан қоржынына бірінші медаль түсті

Басқа 7 сағат бұрын

Нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан қоржынына бірінші медаль түсті

Өзбекстан футбол құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады

Футбол 7 сағат бұрын

Өзбекстан футбол құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады

Ақтөбеде халықаралық шахмат фестивалі өтеді

Басқа 8 сағат бұрын

Ақтөбеде халықаралық шахмат фестивалі өтеді