29.03.2025

Софья Самоделкина: Әлем чемпионаты ойымдағыдай болмады

Софья Самоделкина: Әлем чемпионаты ойымдағыдай болмады

Қазақстан өкілі Софья Самоделкина Бостондағы әлем чемпионатындағы өнеріне көңілі толмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz «Матч ТВ»-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін Қазақстан атынан өнер көрсеткен Самоделкина 181,36 ұпай жинап, 14-орынға ие болған еді.

— Қазір көңіл-күйім түсіп тұр. Өйткені мен өте көп жұмыс істедім. Ал соңғы комбинациям өзім күткендей болмады. Осы маусымнан түйгенім – жаттықтырушыларымның айтқандарын одан да мұқият тыңдап, жақсырақ орындауым керек. Қазір мен АҚШ-қа көшіп, толыққанды түрде Рафаэль Арутюнянмен жұмыс істеп жатырмын. Ол бапкер ретінде өте ұнайды. Мен өте көп еңбектеніп, барлық жағынан, әсіресе секірулер мен техникалық орындауда жетілгім келеді. Келесі маусым – олимпиадалық, бұл өте маңызды, – деп келтіреді Самоделкинаның сөзін Goldenskate.

Чемпион атағын америкалық Алиса Лю (222,97 ұпай) жеңіп алды. Екінші орынды жапондық Каори Сакамото (217,98), ал үшінші орынды жапондық Моне Чиба (215,24) иеленді.

«Бавария» Саненің орнына ойыншы тапты

Футбол 27 минут бұрын

«Бавария» Саненің орнына ойыншы тапты

«Ертіске» жаңа бас бапкер тағайындалды

Футбол 1 сағат бұрын

«Ертіске» жаңа бас бапкер тағайындалды

Анна Данилина Лондондағы турнирді сәтті бастады

Теннис 3 сағат бұрын

Анна Данилина Лондондағы турнирді сәтті бастады

Әлем чемпионаты-2026: Нұралы Әліп іріктеу турнирінде үздік деп танылды

Футбол 4 сағат бұрын

Әлем чемпионаты-2026: Нұралы Әліп іріктеу турнирінде үздік деп танылды

Клубтар арасындағы әлем чемпионтында қай команда жеңімпаз болады?

Футбол 4 сағат бұрын

Клубтар арасындағы әлем чемпионтында қай команда жеңімпаз болады?

Данияр Елеусінов рингке оралатын күн белгілі болды

Бокс 5 сағат бұрын

Данияр Елеусінов рингке оралатын күн белгілі болды