31.03.2025

Осы аптада қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

Осы аптада қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК баспасөз қызметі

ҚР Туризм және спорт министрлігі 31 наурыз – 6 сәуір аралығына белгіленген спорттық іс-шаралар кестесін жариялады.

31 наурыз – 2 сәуір: Гір көтеруден жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты

  • Жарысқа 16 өңірден 130 спортшы қатысады.
  • Өтетін орны: Астана қаласы.

1-7 сәуір: Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогі кезеңі

  • Бұл турнирде ел намысын 3 спортшы қорғайды.
  • Өтетін орны: Айроло қаласы, Швейцария.

1-7 сәуір: Грэпплингтен Қазақстан кубогі

  • Турнирде еліміздің 20 өңірінен келген 1000 спортшы бақ сынайды.
  • Өтетін орны: Астана қаласы.

1-8 сәуір: Суға секіруден Poland Diving Cup турнирі

  • Халықаралық жарысқа Қазақстан құрамасынан 5 спортшы қатысады.
  • Өтетін орны: Жешув қаласы, Польша.

1-11 сәуір: Стенд атудан Әлем кубогі

  • Кубок жолындағы бәсекеде 9 отандасымыз сынға түседі.
  • Өтетін орны: Буэнос-Айрес қаласы, Аргентина.

3-7 сәуір: Таэквондодан Сербия ашық чемпионаты

  • Турнирге Қазақстан құрамасының 9 спортшысы қатысады.
  • Өтетін орны: Белград қаласы, Сербия.

5-6 сәуір: Кекушинкай каратэ-додан ел чемпионаты

  • Жарыста 15 өңірден 250 спортшы өнер көрсетеді.
  • Өтетін орны: Ақтөбе қаласы.

5-6 сәуір: Пара таэквондодан Қазақстан кубогі

  • Турнирге 12 өңірден 49 спортшы қатысады.
  • Өтетін орны: Шымкент қаласы.

5-7 сәуір: Теңге ілуден II Азия кубогі

  • Сары құрлық додасында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Татарстан, Түрікменстан, Өзбекстаннан келген 20-дан астам спортшы бақ сынайды.
  • Өтетін орны: Шымкент қаласы.
Жүзуден әлем рекорды жаңарды

Басқа 2 минут бұрын

Жүзуден әлем рекорды жаңарды

«Қайсардың» басты футболшылары жарақат алды

Футбол 33 минут бұрын

«Қайсардың» басты футболшылары жарақат алды

Спорттық гимнастикадан Нұртаң Ыдырысов Азия чемпионы атанды

Басқа 48 минут бұрын

Спорттық гимнастикадан Нұртаң Ыдырысов Азия чемпионы атанды

Жолдастық кездесуде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грузиядан жеңілді

Футбол 54 минут бұрын

Жолдастық кездесуде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грузиядан жеңілді

Қазақстандық хоккейші Солтүстік Американың клубына ауысты

Хоккей 2 сағат бұрын

Қазақстандық хоккейші Солтүстік Американың клубына ауысты

Нидерландтағы турнирде бүгін кімдер шаршы рингке шығады?

Бокс 2 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде бүгін кімдер шаршы рингке шығады?