03.04.2025

Жас таеквондошылар Сербияға аттанады

Жас таеквондошылар Сербияға аттанады

Қазақстандық таеквондошылар Сербиядағы халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz

Таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрама командалары Белградта (Сербия) өтетін 22nd Galeb Belgrade Trophy – Serbia Open 2025 халықаралық турниріне қатысады. 5-6 сәуір күндері өтетін турнирге әлемнің 30-ға жуық елінен барлығы 800-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.

Сербияда ел намысын қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы келесідей:

Диас Байдулаев (33кг), Руслан Стацина (37 кг), Жібек Ерғазы (+59 кг), Ерсұлтан Оразбекұлы (-49кг), Хамза Ромашкин (61кг), Әлібек Жақсылықұлы (41 кг), Мирас Исенгельдин (65 кг), Аида Гожалимова (51кг), Шаббон Исламбаева (47кг), Сұлтанмұхаммед Розиев (45 кг).

Ал Қазақстан жастар сапынан даянгқа Теміржан Тасқын (51 кг), Нұрперзент Саматұлы (48 кг), Павел Эм (59 кг), Қанат Рахымберді (68 кг), Мұхамедәли Махмұд (63 кг), Штафертс Егор (+78 кг), Мейіржан Мейрамбекұлы (59 кг) және Бекет Болатұлы (73 кг) шығады.

Айта кетерлігі, бұл 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты нәтижесінде жасақталған жаңа құрам үшін алғашқы халықаралық жарыс болмақ. Жасөспірімдер мен жастар құрамасы аталған жарысқа Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарында дайындықтарын пысықтады.

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметі

«Қайсардың» қақпашысына Акинфеевтің арнайы сыйлығы табысталды

Футбол 8 сағат бұрын

«Қайсардың» қақпашысына Акинфеевтің арнайы сыйлығы табысталды

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын сәтті өткізді

Басқа 8 сағат бұрын

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын сәтті өткізді

Нидерландтағы турнирде Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты

Бокс 8 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты

Коко Гауфф «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды

Теннис 9 сағат бұрын

Коко Гауфф «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды

Максим Самородовтың голы үздік деп танылды

Футбол 9 сағат бұрын

Максим Самородовтың голы үздік деп танылды

Бақтиер Зайнутдинов Де Брюйнемен бір лигада ойнауы мүмкін

Футбол 11 сағат бұрын

Бақтиер Зайнутдинов Де Брюйнемен бір лигада ойнауы мүмкін