13.04.2025
Астанада шорт-тректен Әлем кубогы өтеді

Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстанның бас қаласы Астана шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының екі кезеңін қабылдайды.
Бұл туралы Халықаралық конькишілер одағының (ISU) баспасөз қызметі хабарлады.
Рейтингтік ұпайлар сарапқа салынатын турнирдің бірінші кезеңі 7-9 қазан, ал екінші кезеңі 13-15 қазан күндері өтеді.
Айтулы додада шорт-трекшілер «Алау» мұз айдынында сынға түседі деп күтілуде.
