20.05.2025
Анатолий Поляченков пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Анатолий Поляченков Норвегияның Драммен қаласында өтіп жатқан пауэрлифтингтен IPF Classic & Equipped Bench Press World Championships жарысында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол өз салмақ дәрежесінде (66 кг дейінгі) керемет нәтиже көрсетіп, әлемнің ең мықты спортшыларын артта қалдырды. Бұл — ел намысын абыроймен қорғаған нағыз ерлік!
