02.02.2025

Қазақстанның бірінші ракеткасы мансабын аяқтады

Қазақстанның бірінші ракеткасы мансабын аяқтады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жұптық сындағы ұлттық құраманың көшбасшысы Александр Недовесов спорттық ғұмырына нүкте қойды.

36 жасар спортшы бұндай шешім қабылдауына соңғы жылдары мазалап жүрген жарақаты түрткі болғанын жасырмады.

— Бұндай шешімге келуімнің нақты себебі жоқ. Бірақ соңғы екі жыл бойы мені жарақатым мазалап жүрді. Бұл маған физикалық тұрғыдада, моральдық тұрғыдада ауыр тиді. Бір мезетте мен бұл жарақатпен күресіп жүргім келмейтінімді ұғындым. Иә, теннис — бұл менің өмірім. Мен бұл спортқа 30 жыл ғұмырымды арнадым. Енді тенниспен қоштасатын кез келді, — деді Недовесов.

Теннисші алдағы уақытта бапкерлік жұмысқа кіріседі. Қазірдің өзінде Қазақстан теннис федерациясының штабынан орын алғанын өз сөзінде айтып кетті.

Александр кәсіби мансабында 2014 жылғы Азия ойындарында чемпион, ал 2018 жылғы Азиадада қола медаль иегері атанды. Одан бөлек ел намысын 2024 жылы өткен Париж олимпиадасында қорғады. Сондай-ақ теннисші жұптық сында АТР 250 турнирінде үш мәрте топ жарған.

Ұлттық құрама қорғаушысы батыл мәлімдеме жасады

Футбол

Ұлттық құрама қорғаушысы батыл мәлімдеме жасады

Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан неге кеткенін түсіндірді

Футбол 44 минут бұрын

Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан неге кеткенін түсіндірді

Eindhoven Boxcup: бес қазақстандық боксшы чемпион атанды

Бокс 2 сағат бұрын

Eindhoven Boxcup: бес қазақстандық боксшы чемпион атанды

Әли Әлиев: жарақат алған футболшыларымыз жетіспеді

Футбол 11 сағат бұрын

Әли Әлиев: жарақат алған футболшыларымыз жетіспеді

Асхат Тағыберген ұлттық сапындағы соңғы ойынын өткізді

Футбол 11 сағат бұрын

Асхат Тағыберген ұлттық сапындағы соңғы ойынын өткізді

Қазақстан - Солтүстік Македония ойынына келген жанкүйерлердің саны белгілі болды

Футбол 13 сағат бұрын

Қазақстан - Солтүстік Македония ойынына келген жанкүйерлердің саны белгілі болды