01.03.2025
Анна Данилина WTA 500 турнирінің финалына шықты

Фото: Ресей теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мексиканың Мерида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды.
Жұптық сында Ирина Хромачёвамен бірге бақ сынаған отандасымыз жартылай финалда Тимея Бабош (Венгрия)/Никель Меличар (АҚШ) жұбынан басым түсті.
Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды. Нәтижесінде Данилина бастаған ұжым 2:1 (3:6; 7:6; 11:9) есебімен қарсыластарын тізе бүктірді.
Енді Анна мен Ирина финалда Катажина Питер (Польша)/Маяр Шериф (Египет) — Александра Панова (Ресей)/Эллен Перес (Аустралия) текетіресінің жеңімпазына қарсы матч өткізеді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 1,064,510 долларды құрайды.
