19.03.2025
Дмитрий Попко Мексикадағы турнирді жеңіспен бастады

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Қазақстандық теннисші Мексиканың Мерида қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің 1/8 финалына шықты.
Жарыс 1/16 финалында Дмитрий Попко (АТР: 245) эквадорлық теннисші Андрес Андрадені тізе бүктірді.
Қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:3; 6:4) есебімен басым түсті.
Енді Попко ширек финал жолдамасын боливиялық теннисші Хуан Карлос Прадо Анхеломен (АТР: 302) сарапқа салады. Аталған матч ертең, 20 наурыз сағат 21:00-ге жоспарланған.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 100,000 долларды құрайды.
