5 күн бұрын
Дмитрий Попко Челленджер турниріндегі жорығын аяқтады

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексиканың Мерида қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің ширек финалына шыға алмады.
Жарыстың 1/8 финалында Дмитрий Попко (АТР: 245) боливиялық теннисші Хуан Карлос Прадо Анхелоға (АТР: 302) жол берді.
Қос теннисші арасындағы кездесу 2 сағат 45 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 1:2 (5:7; 6:1; 6:7) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 100 мың еуроны құрайды.
