06.04.2025

Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің финалына шықты

Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің финалына шықты

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексиканың Морелос қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің финалына шықты.

Жарыстың жартылай финалында Дмитрий Попко (АТР: 175) канадалық теннисші Алексис Галарноны (АТР: 162) тізе бүктірді.

Қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 20 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Попко 6 эйс пен 3 брейк жасап, қос қателікке еш бой алдырмады. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:2; 7:5) есебімен басым түсті.

Енді Дмитрий ақтық кездесуде швейцариялық Марк-Андреа Хуслермен (АТР: 168) шын мықтыны анықтайды. Чемпиондық атақ сарапқа салынатын матч бүгін, 6 сәуір түнгі сағат 02:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 100 мың долларды құрайды.

Илия Топурия жаңа салмақта чемпион атанды

ММА/UFC 4 сағат бұрын

Илия Топурия жаңа салмақта чемпион атанды

Допингтен оралған Поль Погба өзіне жаңа клуб тапты

Футбол 4 сағат бұрын

Допингтен оралған Поль Погба өзіне жаңа клуб тапты

Қайрат Сәтжанов Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысуы мүмкін боксшыларды атады

Бокс 5 сағат бұрын

Қайрат Сәтжанов Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысуы мүмкін боксшыларды атады

«Челси» Әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Футбол 6 сағат бұрын

«Челси» Әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Астанада шинкиокушинкай каратэден халықаралық турнирге 500-ден астам қатысушы жиналды

Басқа 24 сағат бұрын

Астанада шинкиокушинкай каратэден халықаралық турнирге 500-ден астам қатысушы жиналды

Елордада экологиялық акция аясында велошеру өтті

Басқа 1 күн бұрын

Елордада экологиялық акция аясында велошеру өтті