13.04.2025
Александр Шевченко сенсациялық жеңіліске ұшырады

Фото: Global Look Press
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан АТР 500 турниріне іріктеу кезеңінің финалында жеңіліс тапты.
Жарыстың негізгі кезеңіне берілетін жолдама сарапқа салынған матчта Александр Шевченко (АТР: 106) хорватиялық теннисші Борна Гойоға (АТР: 410) жол берді.
Қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шевченко 5 эйс пен 2 брейк жасап, қос қателікке еш бой алдырмады. Алайда, матч нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 0:2 (4:6; 4:6) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 2,500,000 еуроны құрайды.
