13.04.2025
Александр Бублик Германиядағы турнирдің іріктеуінен іркілмей өтті

Фото: Mark Brake/Getty Images
Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Мюнхен қаласында өтетін ATP 500 турниріне іріктеу кезеңінде топ жарды.
Жарыстың ақтық матчында Александр Бублик жергілікті теннисші Диего Дедура-Паломероны қапы қалдырды.
Қос теннисші кортта 1 сағат 6 минут уақыт өткізді. Осы уақыт ішінде Бублик 2 эйс пен 5 брейк жасап, қос қателікке еш бой алдырмады. Нәтижесінде отандасымыз 2:0 (6:3; 6:3) есебімен басым түсті.
Енді Александр Бублик жалпы жүлде қоры 2,5 миллион еуроны құрайтын доданың негізгі кезеңінде сынға түседі.
Айта кетейік, Мюнхендегі АТР 500 турнирі 14-20 сәуір аралығында өтеді.
