5 күн бұрын
Азия чемпионатында Ибрагим Магомадов қола жүлдегер атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен Азия чемпионатында Ибрагим Магомадов (77 келі) қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық балуан 3-орын үшін белдесуде иорданиялық Амро Садені жеңді.
Енді ел құрамасынан Шамиль Олжаев (87 келі) қола жүлдеге таласса, Әлімхан Сыздықов (130 келі) Азия чемпионатының финалында бақ сынайды.
Айта кетейік, бұған дейін Ербол Қамалиев (55 келі), Сұлтан Әсетұлы (63 келі) бесінші орынды қанағат тұтты.
