28.03.2025

Жәмилә Бақбергенова жартылай финалға жолдама алды

Жәмилә Бақбергенова жартылай финалға жолдама алды

Фото: olympic.kz

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова (72 келі) жартылай финалға шықты.Ширек финалда ол Сехи Кимнің (Оңтүстік Корея) осал тұсын тапты.

Ол қазірге дейін құрлықтық додада алты мәрте жүлдеге ілікті. 2020, 2022, 2023 жылдарда жеңіс тұғырына көтерілсе, 2021 жылы күміс, 2019 жылы қола жүлдегер атанды.

Ал Зейнеп Баянова (53 келі) ширек финалда Сон Ён Паркке (Оңтүстік Корея) есе жіберді. Егер аталған қарсыласы финалға жолдама алса, оның жұбаныш белдесуінде бақ сынауына мүмкіндігі бар.

Ел құрамасынан Гауһар Мұқатай (65 келі) ширек финалда әлем чемпионы және бірнеше дүркін жүлдегері, Азия чемпионы, жапониялық Мива Морикавамен белдесуде жеңісті есепті ұстап тұра алмады. Егер қарсыласы финалға шықса, Гауһар да жұбаныш белдесуіне қатысады.

Сондай-ақ Нилуфар Раимова (57 келі) үндістандық Неха Шарма,Тыныс Дүбек (62 келі) үндістандық Манишаға есе жіберді.

Беллингем «Боруссияға» ауысады

Футбол 8 минут бұрын

Беллингем «Боруссияға» ауысады

Қазақстандық мергендер Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде үшдік ондыққа енді

Басқа 34 минут бұрын

Қазақстандық мергендер Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде үшдік ондыққа енді

«Қайрат» қатарына бразилиялық шабуылшыны қосуы мүмкін

Футбол 56 минут бұрын

«Қайрат» қатарына бразилиялық шабуылшыны қосуы мүмкін

Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтті

Басқа 1 сағат бұрын

Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтті

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңіне қатысады

Басқа 2 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңіне қатысады

Мұхаммеджан Сейсен: қарсыласқа сенімділік беріп қойдық

Футбол 2 сағат бұрын

Мұхаммеджан Сейсен: қарсыласқа сенімділік беріп қойдық