29.03.2025

Азия чемпионаты: Рахат Қалжан қола жүлде үшін күреседі

Азия чемпионаты: Рахат Қалжан қола жүлде үшін күреседі

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Еркін күрестен қазақстандық балуан Рахат Қалжан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады.

57 келі салмақ дәрежесінде өз бағын сынап көрген отандасымыз жарыстың жартылай финалында ирандық Милад Джахангир Вализадеге 0:3 есебімен жол берді.

Бұған дейін Рахат доданың іріктеуінде Оңтүстік Корея өкілі Ан Джон Вуды жеңсе, ширек финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері өзбекстандық Гуломжон Абдуллаевтан басым түсті.

Енді отандасымыз сары құрлық додасының қола жүлдесі үшін күреседі.

Айта кетейік, Рахат Қалжан – Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері. 2022 жылы Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен байрақты бәсекеде күміспен күптелсе, 2023 жылы елордада қола жүлдеге ие болды.

Астанада ҚФФ төрешілері мен инспекторлары аралық дайындықтан өтті

Футбол 3 сағат бұрын

Астанада ҚФФ төрешілері мен инспекторлары аралық дайындықтан өтті

Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді

Басқа 4 сағат бұрын

Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазақстан футбол клубтарының басшылары Астанада жиналды

Футбол 5 сағат бұрын

Қазақстан футбол клубтарының басшылары Астанада жиналды

Мұхамеджан Сейсен: Мансабымды шабуылшы ретінде бастадым

Футбол 5 сағат бұрын

Мұхамеджан Сейсен: Мансабымды шабуылшы ретінде бастадым

Лерой Сане «Бавариядан» кететін болды

Футбол 5 сағат бұрын

Лерой Сане «Бавариядан» кететін болды

Максим Самородовтың клубын бұрынғы «Арсенал» бапкері тізгіндейді

Футбол 6 сағат бұрын

Максим Самородовтың клубын бұрынғы «Арсенал» бапкері тізгіндейді