30.03.2025
Нұрқожа Қайпанов 3 дүркін Азия чемпионы атанды

Еркін күрестен Ұлттық құрама палуаны Нұрқожа Қайпанов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында 74 кг дейінгі салмақта топ жарды, деп хабарлайды Sport12.kz
Финалда отандасымыз қырғыз спортшысы Орозобек Токтомамбетовты жықты. Есеп: 2-1.
Еске сала кетейік, Нұрқожа 2019 жылы Қытайда (70 кг) және 2021 жылы Алматыда (74 кг) алтыннан алқа таққан. Ал 2022 жылы Ұлан-Батырда 74 кг дейінгі салмақта Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған.
