"Анама ренжідім": Наркенже Серікбаеваның қызы жантүршігерлік жазба жариялады

"Анама ренжідім": Наркенже Серікбаеваның қызы жантүршігерлік жазба жариялады

Басы дауға қалған дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның тұңғышы анасының не үшін кешірім бергенін айтып, жазба жариялады, деп Sportinside.kz тілшісі Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жансаяның айтуынша, анасы бұл оқиғада даналық пен сабырлық танытқан.

«Анаммен әрқашан мақтанамын. Бұл жолы да ол ешкім айта алмай жүрген, қоғамның өзекті мәселесін батыл көтерді. Бұл жағдай барлық мекеме басшыларына сабақ болды деп сенемін. Желі қолданушыларының бірі жақтаса, бірі даттап жатыр. Блогерлер мен журналистер хайп үшін анамды мазаққа айналдырса да, біз еш мойымаймыз. Бұл сынақтан да абыроймен өтеміз», – деп жазды Жансая Серікбаева.

Оның айтуынша, бұл оқиға кімнің шын жанашыр, кімнің бетперде кигенін де анық көрсеткен. Белгілі ел ағалары келіп, кешірімге келуге кеңес берген соң, Наркенже Серікбаева бұл ұсынысты қабыл алған.

«Мен өзім де анама: "Неге кешірдіңіз, неге соңына дейін бармадыңыз?" – деп сұрадым. Сонда анам: "Саяш, Алладан үлкен емеспіз. Ел ағалары келіп, екі тараптың да игілігі үшін кешірім сұрап тұрғанда, адамгершілік танытпасақ, не боламыз?" – деп жауап берді», – дейді Жансая.