"Ота жасалған": Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығына байланысты алаңдаушылық туындады

"Ота жасалған": Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығына байланысты алаңдаушылық туындады

фото: Әлеуметтік желіден

Белгілі әзілкеш, актер әрі продюсер Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығына қатысты түрлі болжамдар таралуда. Бұл туралы әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Anyqtime.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде оның жары Мөлдір Мұқанованың көзіне жас алған видеосы тарап, бұл көпшілік арасында жұптың ажырасқаны туралы күдік тудырған. Дегенмен, көрермендердің бір бөлігі әзілкештің денсаулығына қатты алаңдаулы екенін ашық айтуда.

«Тұрсынбектің биылғы концертіне бардым. Сол жерде өзі жақында ғана ауруханадан шыққанын айтты. “Алдарыңызда жарты баспен тұрмын”, деді. Басына ота жасалған екен. Шашын өсіріп, жапқанымен, белгісі білініп тұр. 100 жасасын, Мөлдір аман жүрсін», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.