29.03.2025
14:04:56
ru
kz

TikTok Наурыз 2025 онлайн-фестивалін өткізеді

Қазақстан жаңалықтары
19.03.2025
15:44
TikTok Наурыз 2025 онлайн-фестивалін өткізеді
TikTok жыл сайынғы Наурыз 2025 онлайн-фестивалін өткізеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Наурыз құрметіне арналған ауқымды онлайн-фестиваль аясында TikTok үшінші жыл қатарынан Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі пайдаланушыларды біріктірмек. Алғаш рет арнайы интерактивті аймақтар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында мереке алаңдарында орнатылады.

20 наурыз-2 сәуір аралығында #Наурыз2025 хэштегі бойынша TikTok пайдаланушыларды мейрамға дайындықпен, оны қалай атап өтетінін бөлісуге шақырады. Ұлттық тағамдар, сән, аңыздар мен дәстүрлер, музыка, би, қалалар мен ауылдардағы мерекелеу туралы түрлі тақырыптарда контент жариялауға болады. 

Астана, Алматы және Шымкент тұрғындары бауқауға қатысуға арналған бейнероликтерді арнайы интерактивті кеңістіктерде жаза алдады. Олар келесі мекенжайлар бойынша орнатылады: 

Астана: «ЭКСПО» ХКО, Мәңгілік ел даңғылы, 53/1 

Алматы: Төле би мен Панфилов көшелерінің қиылысында

Шымкент: Арбат, Әл-Фараби алаңы, 2/10

Жоба "Kazakh Tourism" ҰК, Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдауымен өтуде.

«Жыл сайын туристердің аутентикалық саяхатқа деген қызығушылығы артып келеді. Олар еліміздің бірегей мұрасы мен атмосферасымен танысуға асығады. Наурыз мейрамы дәстүрлерімізді көрсетіп қана қоймай, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет ретінде ерекше мәнге ие. Сондықтан, біз Visit Shymkent, Алматы туризм бюросы, Astana Tourism секілді жергілікті ведомстволармен бірлесіп, #Наурыз2025 онлайн фестиваліне қолдау көрсетуге қуаныштымыз», – деп атап өтті Kazakh Tourism   ұлттық компаниясының басшысы Қайрат Сәдуақасов.

«Наурыз - қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі және соңғы екі жылда TikTok еліміздің түкпір-түкпіріндегі пайдаланушыларды сүйікті мерекесі жайлы, халық дәстүрлерінің тереңдігі мен сұлулығы жайлы ондаған мың бейнеролик жасауға шабыттандырғанын мақтан тұтамыз. Біз қазақстандықтардың TikTok-ты өзін-өзі көрсетіп, ұлттық мәдениетті шығармашылық тұрғыдан қайта ұғыну жолындағы кеңістік ретінде пайдалануы үшін бар күшімізді саламыз», – деп бөлісті TikTok Шығыс Еуропа мен Орталық Азия Операциялық бөлімінің басшысы Саиф Муджахид.

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.