Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейту керек – Сенатор

73
02.02.2024 17:33

Медицина мамандарының қауіпсіздігі заңмен қамтамасыз етілуі керек. Сенат депутаты Амангелді Толамисов осылай деп ұсыныс тастады. Оның айтуынша елімізде болған соңғы жағдайлар осылай деп дабыл қағуға негіз болып отыр. Қазіргі таңда дәрігерлерге қол жұмсап, күш көрсеткендер жалпыға ортақ заң бойынша жазаланады. Осыған орай сенатор арнайы ереже бекітуді ұсынды. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын белгісіз ер адам жедел жәрдем жүргізушісіне дөрекі сөйлеп, соққыға жыққан болатын.