Астанадағы гипермаркетте түнеген вайнерлер ұсталды

Олар іште қалып, мінез-құлық мәдениетіне сәйкес келмейтін әрекеттерге барған.

Астанадағы гипермаркетте түнеген вайнерлер ұсталды
Фото: 2gis.kz

13 қыркүйек күні TikTok әлеуметтік желісін бақылау барысында төрт жас жігіт «Анвар» гипермаркетінде оның жабылуын күткен видеоконтент анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Олар іште қалып, мінез-құлық мәдениетіне сәйкес келмейтін әрекеттерге барған. Құқықбұзушыларды жеке күзет мекемесінің жедел әрекет ету тобының қызметкерлері ұстап, кейін олар мән-жайды анықтау үшін полицияға тапсырылды.

«Бұзақылар ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полициядан.