Сенаттың жаңадан сайланған депутаты ант берді

Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов ант қабылдады.

Сенаттың жаңадан сайланған депутаты ант берді
qazaly.kz

Сенат құрамының жаңа депутаты Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов ант қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform агентігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант беремін», - деді Наурызбай Байқадамов.

Сондай-ақ сенатор Амангелді Нұғманов Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің құрамына сайланды.