Елена Рыбакина Рим турниріне қатысудан бас тартты

Ол жұма күні румыниялық Ирина Бегуға қарсы екінші айналымдағы кездесуін өткізуі керек еді.

Елена Рыбакина Рим турниріне қатысудан бас тартты
championat.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина сырқатына байланысты Римде өтетін WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартты, деп хабарлады turkystan.kz.

Prosports.kz сайтының мәліметінше, әлемнің төртінші ракеткасы жұма күні румыниялық Ирина Бегуға қарсы екінші айналымдағы кездесуін өткізуі керек еді. Келесі айналымда Бегу Элисе Мертенс (Бельгия) мен Катерина Синякова (Чехия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Рыбакина былтыр Римде өткен турнирдің жеңімпазы атанған болатын.