131
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

18 наурызда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Cиноптиктердің болжамына сүйенсек, Қарағанды, Жезқазған, Атырау, Шымкент және Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.