Бақтиер Зайнутдинов алдағы ойындарға қатыспайтын болды

Құрамаға Максим Самородов, Стас Покатилов, Нұралы Әліп пен Георгий Жуков қосылды

Бақтиер Зайнутдинов алдағы ойындарға қатыспайтын болды
ҚФФ
151

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында бірқатар өзгеріс болды.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бақтиер Зайнутдинов медициналық қаралымның қорытындысы бойынша алдағы ойындарға қатыса алмайды.

Құрамаға Максим Самородов, Стас Покатилов, Нұралы Әліп пен Георгий Жуков қосылды.

Абат Айымбетов, Рамазан Оразов пен Ғалымжан Кенжебек жақын арада келеді.

Сонымен қатар Дінмұхамед Қараман өз клубына оралды. Ал Дулат Талыспаев пен Давид Есімбеков Алматыда жиын өткізіп жатқан Қазақстан U-21 құрамасына қосылды.

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында 22 наурызда сырт алаңда Уэльспен, 25-інде Лихтенштейнмен ойнайды.

 

Серіктес жаңалықтары