Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген.

Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
скриншот
294

Қаржылық мониторингтік агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлады turkystan.kz.

Агенттіктің ақпаратынша, өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген. 

«Шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған.

Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған.

Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған.

Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген.

Күдіктілер екі айға қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», –  делінген хабарламада.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары