Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

Жаңа ведомство ел Президентіне тікелей бағынады және есеп береді.

Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды
Akorda
190

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды. Толығырақ Ақорда сайтында.

Жаңа ведомство ел Президентіне тікелей бағынады және есеп береді.

Агенттіктің міндеттері:

  • Уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану;
  • Атом энергиясын пайдалану және қауіпсіздік шаралары;
  • Халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Семей ядролық қауіпсіздік аймағының қызметін ұйымдастыру;

Агенттік жоғарыда аталған салалар бойынша Энергетика министрлігінен өкілеттіктерді қабылдайды. Сонымен қатар жаңа құрылым министрліктің құқықтық мирасқоры болып есептеледі.

Бұл өзгерістер Қазақстанның атом саласындағы басқару жүйесін жетілдіру және ядролық қауіпсіздікті арттыру мақсатында жасалып отыр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары