Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевты қайтадан сотқа берді

Бұл жолы арызды Жоғарғы сотқа жазған.

Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевты қайтадан сотқа берді
Ғаламтор
Автор
Админ
8465

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевқа қарсы қайтадан арыз түсірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот кабинетіндегі мәліметке сүйенсек Айтбек Амангелді бұл жолы арызды Жоғарғы сотқа берген.

Азаматтық іс сотқа 17 наурызда түскен.

Айта кетейік, былтыр тамызда Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевты сотқа беріп, 1,5 млрд теңге моральдық өтемақы талап еткен болатын. Қыркүйекте сот Бишімбаевтан 10 млн теңге өндірді.

27 қарашада Астана қалалық соты апелляциялық инстанцияда бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

 

Серіктес жаңалықтары