Павлодарда мектеп оқушылары төбелескен

№30 орта мектебі әкімшілігінің мәліметінше, оқиға 7-сынып оқушылары арасында болған.

Павлодарда мектеп оқушылары төбелескен
istockphoto.com
142

Әлеуметтік желіде аталмыш оқиғаның бейнежазбасы пайда болды.

№30 орта мектебі әкімшілігінің мәліметінше, оқиға 7-сынып оқушылары арасында болған.

– Мектеп әкімшілігі мен полиция қызметкерлері бірге құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жоспарланбаған кеңес өткізді. Осы оқиғаға қатысушылардың барлығына құқықтық баға беріледі, – деді мектеп әкімшілігі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар анықталды. Ал кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді.

– Балаларды тәрбиелеу міндеттерін атқаруда қатаң талаптарды сақтамаған заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар Павлодар қаласының әкімшілігіндегі кәмелетке толмағандар істері мен олардың құқықтарын қорғау комиссиясына жіберілді, – делінген хабарламада.

Кәмелетке толмағандар алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында мектеп ішінде есепке алынды.

Серіктес жаңалықтары