Жамбыл облысының тұрғынынан 11 келі гашиш тәркіленді

Тергеу барысында күдіктінің есірткі құралдарын Шу ауданының құмды аймағында дайындап, Қарағанды қаласына апарып сатпақ болғаны анықталды.

Жамбыл облысының тұрғынынан 11 келі гашиш тәркіленді
Polisia.kz
163

Жамбыл облысында Шу ауданының 61 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сату мақсатында сақтап, тасымалдаған.

Полиция қызметкерлері Алматы-Екатеринбург тас жолында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Land Rover автокөлігін тоқтатқан.

Тэя атты қызметтік иттің көмегімен автокөліктің салонын тексеру кезінде артқы жолаушылар орындықтарының астынан өсімдік тектес қара-жасыл түсті ұнтақ заты бар 11 полиэтилен пакет табылды.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 11 келі 120 грамм гашиш есірткі заты болып шықты, – делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктінің есірткі құралдарын Шу ауданының құмды аймағында дайындап, Қарағанды қаласына апарып сатпақ болғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары