Құрылтай – ел дамуына тың серпін беретін алаң

Жаңа идеялар мен нақты шешімдер талқыланды.

Құрылтай – ел дамуына тың серпін беретін алаң
Автор
Админ
147

Мәжіліс депутаты Құдайберген Бексұлтанов Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайда көтерген маңызды бастамаларына тоқталды.

«Президент елдің тұрақты дамуы үшін бірлік, әділеттілік және жауапкершілік қағидаларына сүйену керектігін ерекше атап өтті.

  • Азаматтардың әл-ауқатын арттыру – экономикалық өсімнің басты мақсаты.
  • Білім, ғылым, технологиялық даму – еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін күшейтетін басты бағыт.
  • Ұлттық бірегейлік пен мәдени мұраны сақтау – рухани жаңғырудың негізі.

"Қазақстанның болашағы – еңбекқор, білімді әрі патриот азаматтардың қолында!" – деді Президент.

Құрылтай – ел дамуына тың серпін беріп, жаңа идеялар мен нақты шешімдер алаңына айналды», – дейді ол.

Ал Мәжіліс депутаты Ерлан Абдиевтің айтуынша Президенттің инклюзия тақырыбына ерекше назар аударғаны қуантады. Мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту және тұрғын үймен қамтамасыз ету қазіргі уақытта ең өзекті мәселе және инклюзивті қоғам құру жолындағы маңызды қадам.

«Президент атап өткендей:  «Тұрғындарға, әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға баспананың қолжетімді болуы – тұрмыс сапасының жақсарғанын білдіретін негізгі көрсеткіш. Былтыр мемлекет осы санаттағы адамдар үшін 21 мыңға жуық пәтер сатып алды. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін оңалту орталықтарының ашылуы – үлкен жетістік. Семей, Тараз, Кентау, Орал қалаларында осындай орталықтар бой көтерді, ал 2026 жылға дейін Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Шымкент және Талдықорғанда ашу жоспарланып отыр. Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар әрбір баланың толыққанды білім алуға мүмкіндігі болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондықтан жыл соңына дейін осындай балаларға жан-жақты қолдау көрсету ісін реттейтін жаңа заң әзірлеу керек».

Бұл бастама яғни жаңа бөлек Заң – еліміздің әрбір мүгедектігі бар бала үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған нақты қадамдар болатынына сенімдімін. Біз инклюзияны қолдаймыз және осы бағыттағы жұмыстардың жалғасатынына сенеміз. Әрбір азаматтың өмірі маңызды!», – дейді ол.

 

 

Серіктес жаңалықтары