Серік Ибрагимов әкесіне су жаңа көлік сыйлады

Әнші кезекті арманын жүзеге асырды.

Серік Ибрагимов әкесіне су жаңа көлік сыйлады
видеодан алынған скрин
399

Эстрада жұлдызы жұбайымен бірлесіп, әкесіне темір тұлпар тарту етті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Әкемізге жұбайым Айнамкөз екеуіміз отбасымыздың атынан тосын сый істедік. Оған су жаңа көлік алып бердік. Әке-шешеге жасаған құрмет, кейін өз алдымыздан шығады. Сондықтан осындай жақсылықтар сіздерге де жұғысты болсын», деді Серік Ибрагимов.

Еске салайық, бұған дейін Серік Ибрагимов өзіне 100 млн теңгеге сыйлық жасағаны жайында жазған едік.

Серіктес жаңалықтары