376
Шымкентте ер адам әйелін емдеймін деп өлтіріп алды
Азамат ауырып қалған әйеліне екпе салып, кейін науқас өзін одан әрі жайсыз сезінген

Шымкенттік тұрғын әйелін емдеймін деп өлтіріп алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Шымкент қалалық полиция департаменті мәлімдеуінше, қайғылы жағдай 16-наурыз күні қала орталығындағы үйлердің бірінде болған.
“Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде” – дейді Шымкент қаласының ПД.
Азамат ауырып қалған әйеліне екпе салып, кейін науқас өзін одан әрі жайсыз сезінген. Осыдан кейін жедел-жәрдем қызметін шақырғанымен, келіншек дәрігерлер жеткенше жан тапсырыпты.