21 наурыз – Ынтымақ күні

«Ынтымақ» – бірлік, ниеттестік пен әлеуметтікжауапкершілік күні. Қазақстан – адамдар бір-бірінеқол ұшын беретін, қиын жағдайда қалғандарғақолдау көрсетіп, ортақ болашақ үшін жұмыла әрекетететін ел.
Бұл күні әрбір қазақстандық елдің бірлік-берекесін нығайтуда өзінің үлес қоса алатынын, игіліктің үлкен-кішісі болмайтынын, жақыныңажақсылық жасау – шынайы құндылық екенін сезінуікерек.
Бұл күн ата-баба өнегесін, бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын еске салады. Ынтымақ– әр түрлі этникалық және әлеуметтік топтардыңбірігуі, қоғамда ортақ құндылықтар мен азаматтықбірегейліктің қалыптасуы.
Қазақстандықтардың күші бірлікте екенінПрезидент Қ.Қ.Тоқаев үнемі айтып жүр. Ынтымақкүні «Әділетті Қазақстан» қағидасына сай құрылғанинклюзивті қоғам туралы дұрыс түсінікқалыптастыру мен халықтың әртүрлі топтарынбіріктірудің маңыздылығын айшықтайды. Бұл күнбізді түп тамырымызға қайтарып қана қоймай, елазаматтары мен сырттағы ағайынмен арадағы көпірбола алады.
Бұл күн бірлік рухын насихаттайды, ортаққұндылықтарды айшықтайды және азаматтықбірегейлікті қалыптастырады. Бұл – әділ жәнеберекелі қоғам құру жолында бейбітшілік, келісіммен толеранттылықты ұстанып, өзара құрмет, жолдастық пен бір-біріне көмектесуді ортақ ережегеайналдырудың маңызын көрсететін күн.