168
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 21 наурызда ауа сапасы нашарлайтын қалалар тізімін жария етті.
— 2025 жылғы 21 наурызда Теміртау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
А Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.