Еріген қар суының салдарынан 2 облыста жол жабылды

Республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 104 арнайы техника мен 142 маман жұмылдырылды.

Еріген қар суының салдарынан 2 облыста жол жабылды
ҚазАвтоЖол
223

ҚазАвтоЖол еріген қар суының салдарынан екі облыста жол жабылғанын мәлімдеді.

 21 наурыз күні сағат 8:00-дегі жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы:

«Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырымдарының аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

«Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 9 шақырымы.

«Барлық учаскелерде айналма жолдар қарастырылған. Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 104 арнайы техника мен 142 маман жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары