Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға үндеу жасады

Air Astana Алматы-Лондон және Лондон-Алматы рейстерін 22 наурызға ауыстырды.

Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға үндеу жасады
Istockphoto
197

Air Astana өкілдері Алматы-Лондон және Лондон-Алматы бағытында ұшатын жолаушыларға үндеу жасады.

«Air Astana әуекомпаниясы Алматы-Лондон және Лондон-Алматы бағыттарындағы KC663/664 рейстер 21 наурыздан 22 наурызға шегерілгенін хабарлайды. 

Рейстің кешіктірілуіне электр подстанциясындағы өрт салдарынан Хитроу әуежайында электр құрылғыларының істен шығуы себеп болды», - делінген хабарламада. 

Компания өкілдері рейс статусын әуекомпанияның сайтынан тексеріп отыру қажеттігін еске салды.

Серіктес жаңалықтары