Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің әр өңірінде жауын-шашын болады.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Istockphoto
234

Қазгидромет алдағы демалыс күндері ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталатынын хабарлады.

Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің әр өңірінде жауын-шашын болады:

  • батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста – жаңбыр;
  • солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда – жаңбыр аралас қар жауады.

Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ пен тұман байқалады. Тек Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында күн ашық болады.

Қай өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі?

  • 23-24 наурыз – Маңғыстау облысында қатты жаңбыр жауады.
  • 24 наурыз — Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр жаууы мүмкін.

Температура қалай өзгереді?

  • Батыс Қазақстан: түнде -3…-8°C, күндіз +7…+12°C.
  • Оңтүстік-батыс: түнде 0…+8°C, күндіз +5…+13°C.
  • Солтүстік-батыс: түнде -3…-10°C, күндіз +2…+12°C.
  • Солтүстік: түнде 0…-8°C, күндіз 0…-5°C.
  • Орталық: түнде -2…-10°C, күндіз 0…-5°C.
  • Оңтүстік: түнде +3…+15°C, күндіз +8…+18°C.
  • Шығыс: түнде -3…-12°C, күндіз +3…-2°C.

Синоптиктер азаматтарға ауа райының қолайсыздығына дайын болып, жолда абай болуға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары