eGov-та жаңа функция пайда болады

Енді қазақстандықтар жеке деректері тарап кеткен-кетпегенін тексере алады.

eGov-та жаңа функция пайда болады
Фото: gov4c.kz
227

Жақын арада eGov қосымшасында жаңа функция пайда болады, оның көмегімен қазақстандықтар жеке деректері тарап кеткен-кетпегенін тексере алады, деп хабарлады turkystan.kz сайты Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Web-Totem ЖШС директоры Руслан Тұргелдиновтың айтуынша, жаңа Nomad Guard сервисі eGov жүйесімен біріктірілген.

"Электрон цифрлық қолтаңба арқылы кірген кезде жүйе сіздің ЖСН, аты-жөніңіз және электрон поштаны, мобильді азаматтар базасынан алынған деректерді пайдаланады. Дәл осы мәліметтер бойынша ақпараттың тарап кету ықтималдығы ізделеді. Табылған жағдайда 1414-тен, сондай-ақ, eGov Mobile қосымшасы арқылы хабарлама келеді", - деді ол ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, қазір жаңа функцияны тестілеудің соңғы кезеңі аяқталуға жақын.

Алдағы күндері бұл функция қосымшада пайда болады және әрбір азамат өзінің жеке деректері тарап кеткен-кетпегенін тексере алады.

Серіктес жаңалықтары