344
Алматыда бес мыңнан астам адам Абай әндерін орындады
Хор ұлы ақын Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық ай" және "Айттым сәлем, Қаламқас" шығармаларын қосылып шырқады

Наурыз мейрамы және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында Алматыда ақынның шығармалары ең ауқымды хормен орындалады.
Inbusiness.kz мәліметінше, Абай даңғылы бойында Абай атындағы алаңнан бастап Назарбаев даңғылына дейін 5000-нан астам адам жиналды.
Олардың қатарында танымал солистер, Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының артистері, П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары болды.
Хор ұлы ақын Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық ай" және "Айттым сәлем, Қаламқас" шығармаларын қосылып шырқады.