Көкшетауда кимешек киген аналар рекорд орнатты

Бұл шеруге 1600 әйел қатысып, республика бойынша жаңа рекорд орнатылды

Көкшетауда кимешек киген аналар рекорд орнатты
Ақмола облысының әкімдігі
360

Көкшетауда ұлттық дәстүрімізді дәріптеген ерекше шара өтті. Кимешек киген аналардың шеруі Қазақстан рекордтар кітабына енді, деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл шеруге 1600 әйел қатысып, республика бойынша жаңа рекорд орнатылды.

Шеруге көпбалалы аналар, ұстаздар, дәрігерлер, өнер адамдары мен өзге де сала өкілдері қатысты. Сондай-ақ шараға Астана мен Солтүстік Қазақстан облысынан келген арулар да қосылды.

Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков шеруді рекорд ретінде тіркеп, Ақмола облысының әкіміне арнайы сертификат табыстады.

"Бүгін 1600 ана кимешек киіп, ұлттық дәстүріміздің мәртебесін асқақтатты. Бұл – ел тарихындағы айрықша оқиға", – деді ол.

"Ақ кимешек" шеруі Абылай хан алаңындағы басты сахнада LED-экран арқылы тікелей эфирден көрсетіліп, қала тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер сыйлады.

Серіктес жаңалықтары