Үш облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 104 арнайы техника мен 199 маман жұмылдырылды

Үш облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
istockphoto.com
415

22 наурыз сағат 20:00-дегі жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" мекемесі мәлімдеді.

Ақтөбе облысы:

– "Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

– Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

– "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 104 арнайы техника мен 199 маман жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары